20 Қазан 2026, 14:14 Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Бексұлтан Құлмырза – V Азия Пара ойындарының чемпионы

Қазақстандық пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отандасымыз J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақтың финалында Ким Донхунды иппонмен жеңді. Осылайша Бексұлтан Құлмырза алтын жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Ғалымжан Смағұлұлы осы санатта 81 келіге дейінгі салмақта Иран өкілі Реза Голамиді жеңіп, қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті. Нәтижесінде Даяна қола жүлде үшін өткен белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңді.

Айта кетейік, қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында төрт алтынды қоса есептегенде, 20 медаль бар. 

Бұған дейін қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы да Азия Пара ойындарының чемпионы атанған еді.