Коронавирус: Бекшин жаңа қаулы шығарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Жаңа қаулыда «қызыл аймақ» режиміндегі нысандар жұмысы көрсетілген. Онда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін жұмыс режимімен уақытша шектеу бекітілген.
Демалыс күндері барлық «Ashyq» нысаны үшін сағат – 00.00 дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда қызметкерлер мен клиенттерде «жасыл мәртебе» болуы қажет.
Ал жұмыс күндері «Ashyq» барлық нысаны үшін 00.00 сағатқа дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Сондай-ақ «Ashyq» көшбасшыларына келесі жеңілдіктер қарастырылған:
№37 Қаулыдағы «Ashyq» көшбасшылары мәртебесін беру алгоритмінің 1) және 4) тармақтарына сәйкес «Ashyq» көшбасшылары «қызыл» аймақта «сары» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істейді.
Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтсеңіз болады.