Бекшин вирустың таралуы қашан төмендейтінін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың таралуы шарықтау шегіне жақындап қалғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қалаға коронавирустың «дельта» штаммы келгелі вирустың таралуы күрт жоғарылап, қазір шарықтау шегіне жетіп қалған.
28 шілдеден бері коронавирус індетінің тәуліктік тіркелуі 1,5 мыңнан асып жүр. Шілде айында 25,5 мың жағдайы тіркелді, ал жыл басынан бері 89 мың жағдайды құрады. Өткен аптада коронавирус індетінің тіркелу жағдайы 1,5 есе көбейді. Дегенмен кешеден бері тәулікті өсім 1,4%-ға дейін төмендеді. Қазір аурудың шарықтау шегі жүріп жатыр, оның ең шарықтау кезеңі тамыздың 10,11, және 12-сі күндері аралығында болады деп болжануда. Тамыздың соңына қарай аурушаңдық төмендеу керек, - деді Бекшин.
Сонымен қатар ол қалада вирустың таралуы өршіп тұрғанда той және басқа да жиындар өткізу әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Қала сыртындағы мейрамханалармен қоса орталықтағы кафелерде де салтанатты шараларды өткізу тоқтамай тұр. Оған қоса азаматтардың басым көпшілігі вакцина алған жоқ, соның кесірінен вакцина жұқтыру жиілеп тұр. Вирус негізінен 20-39 жас аралығындағы жастар арасында көп байқалып жатыр. Кафе, түнгі клубқа баратын осы контенгент, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекайдаров сөгіс алған мемлекеттік қызметкерлерді атады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы