7 Тамыз 2020 2020, 16:02
Бекшин тұрғындар вирусты қайдан жұқтырып жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады.

Оның айтуынша, қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарған. Обективті түрде қарайтын болсақ күнделікті өсу көрсеткіші 1 айдың ішінде 4,2 пайыздан 1,4% төмендеген.Сонымен қатар ол тұрғындардың коронавиурсты негізінен қандай жағдайда жұқтырып алып жатқанына тоқталды.
Вирусты негізінен жұмыс орнында, яғни кәсіпорында жұқтырып жатыр, бұл 49% құрайды, ал үй жағдайында жұқтырғандар - 20%, медицина ұйымдарында 0,1% дейін төмендеді. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Одан бөлек қатаң шектеу шаралары енгізілді, - дейді ол.Сөз арасында ол қаладағы Тестілеу орталықтары мен зертханалар толықтай жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.
Қалада тестілеу жұмысы толығымен қамтылған. Маусым айында зертханалық жұмыстарға байланысты 1 апта жұмыс тоқтаған еді. Қазір зертхананың барлығы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Зертхананың күнделікті қуаттылығы 9,5 мың сынаманы зерттеуге жетеді, - деді Бекшин.