Бекшин қосымша енгізілген шектеу шаралары туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 11862 оқиғасы тіркелді. Оны ішінде 7411 жағдай симптомды, 4461 симптомсыз. Науқастардың басым бөлігі 20-29 жас аралығында. Осы жастағы жастар 21,6 пайызды немесе 2477-ні құрап отыр. 30-39 жастағылар 20,7 пайыз немесе 2371-ді құрады. 60 және одан жоғары жас аралығында ауру өршіп барады. Қазіргі таңда 15,9 пайызды немесе 1826-ны құрады, - деді ол.
Бекшин осы жас арасында ауру өршіп тұрғанын айтты.
Инфекцияны жұқтыру көзі 78,1 пайыздан анықталды. 56,2 пайызы өз ауруымен жұмыс орны бойынша, 21,7 пайызы үй ошағы болып табылады. Жағдай әлі күрделі. Бірақ бақылауда. Ауру көрсеткішін төмендету бойынша Қаулы бойынша іс-шараларды енгізіп жатырмыз. Қазір симптомсыз және жеңіл түрде ауырып жатқан науқастарды үй карантинінде ұстаймыз. Бірақ олардың режим сақтауы өте төмен. Шілдеде тексеріс кезінде карантин талаптарын бұзу бойынша 23 жағдай тіркелді. ПТР нәтижесі оң болған кезде үйде отырмайтындар табылды. Осындай жағдайларға шектеу қою үшін арнайы Қаулы шығарып жатырмыз, - деді ол.
Бекшин коронавирус инфекциясын таратуға жол бермеу бойынша қосымша шектеу шараларын енгізілгені туралы Қаулы шыққанын айтты.
Ол ҚР халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың жүйесі туралы 2020 жылғы 7 шілдедегі кодекстің ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ел аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығы, Бас санитар дәрігер ҚР халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту туралы 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың кейбір мәселесі туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып қаулы етемін, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы