Бекшин: Оқушылар үшін КВИ жұқтырудың қауіпті орны – өз отбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балалардың коронавирусты жиі жұқтыратын орнын атады.

Алматы қаласы халқының иммундық қабаты биылғы жылдың 27 тамызында 42%-ды құрады. Бұл 1 ақпаннан бастап жүргізіліп жатқан жұмыстың көрсеткіші. Бірақ мұны әлі көтеру керек, - деді Бекшин.

Бақылау департаменті басшысының мәліметіне сәйкес жасы бойынша КВИ аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 33,5%, 40-59 жас аралығында 25,2% және 60 жас және одан жоғары – 23,1% тіркелген, бұл барлық жағдайлардың 82%-ын құрайды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша бұрынғыша КВИ аурушаңдығы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыс істемейтіндер арасында – 39%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ жұмыскерлері – 17%, зейнеткерлер – 21%, оқушылар – 9,1% және мектеп жасына дейінгі балалар - 5,9%. Бүгінгі күні эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша сауда объектілері – 32%, отбасылардағы байланыстар – 16%, қоғамдық көлік – 17,1%, базарлар – 13% ауырғандарды жұқтырудың негізгі орындары, - деп айтты ол.

Бекшин оқушылар үшін КВИ жұқтырудың қауіпті орны өз отбасы екенін айтты. Себебі үйде ата-анасы не басқа да жанұя мүшесі ауырып қалғанда бөлек оқшауланбай, басқа отбасы мүшелеріне де ауруды жұқтырады.

Дегенмен қазіргі күні балалар адам көп шоғырланған жерлерге де көп баратынын қоса кетті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы