Бекшин коронавирусты жеңудің алғышарттарын атады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде пандемияны тоқтатудың алғы шарттарын атады.

Коронавирустың үшінші толқынының төмендеуі мына алғышарттарға байланысты: біріншіден, мекемелерде және қоғамда қабылданған шектеу шараларымен инфекцияның таралуын тежеу. Екіншіден, жұртшылық арасында иммундық қорғанышты арттыру керек. Қазір қаладағы иммундық қабат шамамен 20% құрайды, яғни вакцинациядан 14,8%, оған қоса өткен жылдың соңында ауырғандардың 5%,-деді ол.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Қала әлі де «қызыл» аймақта. Сәуірде күніне 700-ден астам науқас тіркелсе, мамырда бұл көрсеткіш 290-ға дейін түскен. Сырқаттану деңгейі соңғы жеті күнде 7,7 пайызға дейін төмендепті.

Сонымен қатар ол науқастар арасында симптомдық белгілімен тіркелгендер қатары азайғанын айтты.

Бұрын тіркелген науқастардың 98 пайызы симптоммен болатын, қазір ол 88 пайызға дейін төмендеді. Науқастардың 33,4% жұмыссыздар. Ал, жеке кәсіпорындарда, жекеменшік мекемелерді істейтіндер 21%, зейнеткерлер – 21,7%, мектеп оқушылары – 7,6%, мектеп жасына дейінгі балалар – 5,4%,-деді Бекшин.

Сонымен қатар ол инфекцияны жұқтыру көздерін атап өтті.

Өткен аптада алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, отбасындағы байланыс арқылы КВИ инфекциясын жұқтыру 5,6%-ға төмендеді. Туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыс кезінде жұқтыру 3,6%, сондай-ақ қала аймағында пойызға отырған кезде 0,9% -дан 1,3% -ға өсті, жұмыс орындарындағы байланыс арқылы инфекциялар 1% деңгейінде қалды,-деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы