Бекшин қай елден келушілер арасында вирус жұқтыру көп екенін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қай елге шыққандар арасында вирус жұқтыру жағдайы көп екенін айтты.
Оның айтуынша, бірінші орында Египет тұр. Одан кейін Түркия, Біріккен Араб әмірліктері тұр.
Осы жылдың 8 қазанынан бері шетелден келген 33 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың барлығы әкімдік бөлген орынға оқшауланды. Оған қоса Қазақстанға 5 мыңнан астам адам ПТР анықтамасынсыз келген. Олар да тексеріске алынып, вирус анықталмаған жағдайда үйлеріне жіберілді, - деді ол.
Сондай-ақ ол вирус әсіресе Шарм-әл-Шейхтан келетіндер арасында анықталғанын айтты. Яғни Египеттен келгендер арасында 14 жағдай тіркелген. Түркияның Анталия, Стамбұл қаласынан келген 8 азаматтан вирус анықталған. Ал Дубайға барып келгендер арасында 6 жағдай тіркелген.
Бізді әсіресе Шарм-әл-Шейхтағы жағдай алаңдатады. Онда барғандардың 40 пайызы шетелден вирус жұқтырған. Осыған байланысты шетелге шықпай тұра тұруға кеңес беремін. Бізде де керемет демалыс орындары бар. Ауру жұқтыру да жоғары деңгейде емес. Сондықтан демалысты Қазақстан ішінде де ұйымдастыруға болады, - дейді Жандарбек Бекшин.Бұған дейін ол бүгіннен бастап Алматыда кинотеатрлар жұмысын бастағанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгіннен бастап Алматыда кинотеатр жұмысына рұқсат берілді
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы