Бекшин: Егде жастағы адамдар үйден шықпағаны дұрыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауды өтінді.

Біздің басты мақсатымыз ауыр індеттің таралуын тоқтату. Талаптарымыз да қарапайым: ара қашықтықты сақтау, қоғамдық орындарда жиналудан бас тарту, бетперде тағып жүру. Осы ережелерді сақтай отырып, біз індетті жеңе аламыз. 65 жастан асқан үлкен адамдар үйден шықпасын. Қазіргідей уақытта той дегенді уақытша қою керек, - деді Бекшин.

Бекшин демалысқа шыққан балалардың ойын алаңдарында топ болып жиналмауы қажет екенін айтты.

Қазір оқушылар демалыста. Олар да ойын алаңында көп жиналмасын. Жастарға да үйге вирус әкеліп, үлкендерді ауыртып алмау керек. Аурудың 37 пайызы үйдегі қарым-қатынас арқылы жұққан. Сондықтан жасы үлкен кісілерді коронавирустан барынша алшақ ұстау қажет, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы