Бекшин бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Сондай-ақ ол Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы міндетінен де босады.

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері, әрі қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған Жандарбек Бекшин келесі жылдың 5 қаңтарынан бастап зейнетке шығады.

Сондай-ақ белгілі болғандай, 27 желтоқсаннан бастап Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шығады.

Менің келісімшартымның мерзімі аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады. Мен бұған дейін келісімшартты бір рет ұзартқандықтан, екінші рет болмайды. Қаңтардан бастап жұмыстан кетемін,  – деді Жандарбек Бекшин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы