23 Шілде 2021 2021, 10:05

Бекмұқашев Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қажмұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған. 

2005-2006 жылдары — Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы. 

2006-2011 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 

2011-2012 жылдары – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы; ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «МемжерҒӨО» РМК бас директоры орынбасарының м. а., Ақтөбе қаласы. 

2012-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы. 

2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі, Геодезия және картография басқармасының басшысы. 

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы. 

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.