«Бекіре-2021»: Оралда екі жарым тонна балық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдық полицейлер «Бекіре» жедел алдын алу шарасы кезінде 2 жарым тонна балық тиеген көлікті ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бударин ауылының маңында Газель көлігін тексерген кезде жүргізушіде ешқандай құжат болмай шықты. Қазір тәркіленген балық істің мән-жайы анықталғанға дейін уақытша сақтауға қойылды.
Кінәсі анықталған жағдайда күдіктіге айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін.
Бұл жерде айта кететіні, барлық тәркіленген балықтың 50 келіден астамы бекіре тұқымдас балық болатын. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы Мөлдір Садырғалиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жылыту маусымы аяқталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы