Былтыр «Қорғаста» 1,2 млн мың турист болған
Астана, baq.kz. «Қорғас» халықаралық шекаралық ыңтымақтастық орталығында барушылар қатары 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 8% артқан. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған туристердің қатынауы мен инвесторлардың бизнесін ашық жүргізуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі қабылданған шаралар ықпал еткен. Сонымен, жүк терминалының аумағы 900-ден 3500 шаршы метрге дейін ұлғайтылды және жаңғыртылды. Аумағы 1800 шаршы метрді құрайтын жайлылығы жоғары күту залы да бар.
15 шағынтонналық жүк автокөлік құралдары бар парк жаңартылды. Бұл келушілер жүктерін қабылдау нүктесінен жүк терминалының беру орынына дейінгі аралыққа жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Келушілердің жайлы қозғалысы бойынша бірыңғай оператор жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда «Қорғас» ХШЫО АЭА қазақстандық және шетелдік қатысушыларын әлеуметтіктен өзге, негізгі салықтардан босату туралы мәселе шешілуде.
ҚР мен ҚХР айрықша жобасы – «Қорғас» ХШЫО берілуі – сауда, экономикалық, туристік және инвестициялық ыңтымақтастық үшін қазақстандық бөліктегі аумаққа инвестиция тарту мен кәсіпкерлік қызметтерді дамытуда АЭА статусы қолайлы жағдайлар жасайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 193 000 шаршы метр ғимарат аумағы және 32,7 гектар аумақта құрылыс жүргізуге 12 инвестициялық компания тартылды. «Қорғас» ХШЫО жұмыс істеген жылдары инвестициялық нысандарды салуға 21 келісім жасалды. Инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда, жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектарды құраса, ғимараттардың аумағы 805,4 мың шаршы метрге жетті.