«Бекет-2023» әскери оқу-жатығу жиынына 4000 адам қатысты
Елімізде соңғы жылдары заманауи әскери іс-қимылдарды жүргізу бойынша бірталай өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солардың бірі әскери оқу-жаттығу жиындарының жүргізілуі. Биыл сәуір айында Жетісу облысында жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығуы және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінің тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Мұндай жаттығу жиындарынан әкімдіктің, аумақтық бөлімшелердің, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары түрлі дағдарыстық жағдайларды оқшаулау, әскери жағдайдың құқықтық режимін енгізу кезіндегі іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті тәжірибе жинақтай алды, – дейді генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.
Одан бөлек, жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында Гвардейск гарнизонындағы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының "Мәтібұлақ" оқу полигонында "Көкжал" тәжірибелік-зерттеу тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Бөлімшелер маневрлік қорғанысты жүргізудің жаңа тактикалық тәсілдерін пысықтады. Оқу-жаттығу барысында тактикалық топтар мен ұтқыр атыс топтарының өзара іс-қимылы зерделенді. Артиллерия мен армиялық авиация бөлімшелерін жалпы әскери бөлімшелердің мүддесі үшін жауынгерлік қолдануға ерекше назар аударылды,-дейді Қаныш Әбубәкіров.