Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.
Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.