Bek Air ұшағы Қызыл ту ауылына құлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнына Алматы Әуе көлік прокуроры және Алматы қалалық Полиция желілік бөлімінің Тергеу-шұғыл тобының мамандары шыққан.
Бұл туралы "Қазақстантеміртранс" компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Асылханов хабарлады.
Алматы қаласы әуежайының диспетчесрлік қызметінің операторынан түскен ақпаратты жариялаймыз. «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшқан Бек Эйр компаниясының ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 100. Экипаж саны – 5. "Фоккер-100" әуе кемесі. Қазір Алматы әуежейы кезекші бөлімінен түскен ақпаратқа сүйенсек, ұшақ "Қызыл ту" ауылына құлаған. Оқиға орнына Алматы қаласы Әуе көлік прокуроры және Алматы қаласы Полиция желілік бөлімінің Тергеу-шұғыл тобы шықты. Оқиға орнынан ақпаратты қосымша хабарлаймыз, - деп жазды Фейсбукте "Қазақстантеміртранс" компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Асылханов.
Бек Эйр ұшағы бүгін таңертең сағат 7.05-те Алматыдан ұшып кеткен. Бірақ бірден радардан жоғалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазалыда 108 отбасы баспаналы болды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы