Bek Air әуекомпаниясының қызметкерлері президентке үндеу жолдады
Алматы, BAQ.KZ. Bеk Air әуекомпаниясының бортсеріктері ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдады.
Компания қызметкерлері мемлекет басшысына жолдаған үндеуінде 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған оқиғада жақындарын жоғалтқан жандармен бірге қайғыратындарын және өздері де әріптестерінен айырылғандарын жеткізген.Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Қазақстан Республикасының азаматтары, "БЕК Эйр" әуекомпаниясының бортсеріктеріміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығын қорғайтын және әділдік кепілдігі ретінде сізден көмек сұраймыз! Біздің үндеуімізді қараусыз қалдырмауыңызды және "БЕК Эйр" әуекомпаниясының сертификатының қайтарылуына себепші болуыңызды өтінеміз!, - делінген үндеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында триатлон парк салынады
Келесі жаңалық
Ел қоржынына нысана көздеуден тағы екі жүлде түсті
Өзгелердің жаңалығы