Bek Air компаниясының жолаушылар алдындағы шығыны көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bek Air әуе компаниясына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Компанияның жолаушыларға келтірген залалы тағы 3 млн теңгеге ұлғайғаны айтылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Әуе тасымалдаушыдан билет сатып алған 890 адам өз уақытында ешқайда ұша алмағандықтан, ақшаларын қайтаруды талап еткен. Жауапқа әуе билеттерін сатумен айналысқан "Aviata" компаниясы да тартылды. Bek Air компаниясынан талап етіліп отырған өтемақы – 52 млн теңге. Алайда жауап беруші шағыммен келіспей отыр. Компания өкілі жолаушылар отырғызу талондарын "арнайы тарифпен" алғандықтан ақшалары қайтарылмайды деген уәж айтады. Бірақ заң бойынша билетке төленген ақша қайтарылуы тиіс. 

Ал әзірге бұл әуе компаниясының мүлкіне салынған тыйым алынған жоқ. Келесі аптада сот процесіне қатысушы тараптардың жарыссөзі өтеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы