8 Наурыз 2023 2023, 19:59
Фото: time.kz
«BeeTV 60 Women's». Гөзал екінші айналымға өтті
Екінші кезеңде қазақстандық есе қайтарды. Бұл партия 6:1 есебімен аяқталды.
Гөзал Айнитдинова жекелей сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айнитдинова елорда кортындағы алғашқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен өткізді. Алғашқы кезең 6:3 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілген.
Екінші кезеңде қазақстандық есе қайтарды. Бұл партия 6:1 есебімен аяқталды. Ал шешуші партияда Гөзал тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Ол енді ширек финалға шығу үшін әлемнің 136-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижима немесе рейтингте 225-орында тұрған сербиялық Наталия Стевановичтің біреуімен таласады.
Естеріңізде болса бұған дейін Жібек Құламбаеваның жұптық сайыста өнер көрсеткені туралы жазғанбыз.