Əбдіқалықова: Əлеуметтік шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынды ашқан Гүлшара Əбдіқалықова алдағы 10 жыл біздің 30 өркениетті мемлекеттер қатарына жылжуымыздағы шешуші кезең болмақ деді.
"Енді əлеуметтік дамуға арналған кезек күттірмес шараларды іске асыру - бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты бүгінгі күні үш бағыт бойынша жаңа əлеуметтік саясат іске асырылады. Олар - аз қамтылған топтардың табысын арттыру жəне қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу жəне білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; үшінші - өңірлерді кешенді түрде дамыту. Қазақстан президентті Қасым - Жомарт Тоқаев Елбасының сындарлы саясатын жалғастыра отырып, мемлекеттік бағыттың бағдары үш негізгі принципте қамтамасыз етілетінін баса айтты. Олар - сабақтастық, əділдік жəне прогресс. Əйелдер қауымы да жаңа əлеуметтік саясатты толық қолдайды", - деді Гүлшара Əбдіқалықова.