Әбдіқалықова көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылуда. Негізгі міндет - өмір сүру сапасын жақсарту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру.
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында 10,1 мың көпбалалы аналар бар (4,4 мың көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған) оның 3,5 мыңнан астамы аз қамтылған.
Елорда әкімдігінде көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетудің 13 кешенді шарасы әзірленіп, іске қосылды. Осылайша, ағымдағы бюджет шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге бөлініп, алдағы бюджетті нақтылау кезінде 2,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы қарастырылатын болады.
Әлеуметтік шаралар аясында көпбалалы отбасыларға және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген мүгедек балалары бар отбасыларға сертификат беру мүмкіндігі қарастырылуда, бүгінгі күні бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған тұрғын үй сертификаттары төленіп, наурызда 1 млн теңге болатын 2000 сертификаттың 143-і берілді.
Үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі 228 балаға, әлеуметтік көмек 25 250 теңгеге дейін көтерілді, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған тұрғын үй көмегі көрсетіледі, коммуналдық қызметтерге рұқсат етілетін отбасылық шығындар мөлшері 8-ден 5%-ға дейін төмендеді, бұл тағы да 700 астам көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, 1500 көпбалалы отбасы тіс протездеу және алдын ала емдеу қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Жаңа оқу жылына орай Нұр-сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарында көп балалы отбасылардан шыққан 50 баланы оқытуға қосымша гранттар бөлінеді.
Білім беру саласында жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарының көпбалалы отбасылардан шыққан 36 мың оқушы мен студенттерге қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру ұсынылады, көпбалалы отбасылардан шыққан 32 мың бала мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, көпбалалы отбасылардан шыққан әрбір бала жаңа оқу жылына мектеп формасымен және мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 2 мың баланы қамтамасыз ету қарастырылған.
Биылғы жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 2892 баланы ыстық тамақпен қамту және балабақшаларда тегін орын беру жоспарлануда.
Кездесу барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік көмекті күшейту мәселесінің қажеттілігі жайлы көпбалалы аналардың өкілдері өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тапсырма берді.