Базз Лайтер. Мемлекет кейбір мәселелерге бас сұғуды тоқтауы керек – Бейсенбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев қоғамда дауға қалған «Ұйқым келмейді» әні мен «Базз Лайтер» мультфильміне қатысты пікір білдірді.

Біз Жаңа Қазақстанға бет бұрып жатырмыз. Меніңше, мемлекет кейбір реттеу қызметттерін қысқарту керек. Қоғам өзі нені көретінін таңдай білуі қажет. Мемлекет қоғамның нені көреді, нені көрмейді және нені таңдап, талғайтынын түсінетін уақыт келді. Түсінуміз қажет, кез келген ақпараттық соғыс немесе ақпараттық шектеу керісінше қоғамға зиянкесті дүниелерді алып келуіне сеп болады. Оның одан әрі өршіп, таралуына көмектеседі. Мәселен, біз синтетикалық нашақорлықпен ақпараттық салада күрес жүргіздік.  Алайда, күшейткен сайын олардың саны азайып жатқан жоқ. Дәл сол сияқты қандай да суицид, зорлық-зомбылыққа қатысты  тақырыптарды әркез сүзгіден өткізіп отырумыз керек деп ойлаймын. Әрбір отбасы әрбір  ортада өз мәдениетін қалыптастыру керек. Басты, мәселе осы бұған басымдық беру қажет, - деді депутат «AMANAT» партиясының  «Жастар Рухы» жастар қанаты жаңа жобалары туралы іс-шарада.

Іс-шарада Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жас ұрпақтың рухын айқындауға тиіс моральдық-этикалық нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл әділет, білім, адал еңбек, еркіндік және патриотизм.

Осы құндылықтар жастардың бойына берік сіңуі қажет. Жастар рухы – мұқалмас, қайсар рух. Осы ізгі қасиеттерді бойда ұстаған жастар тарих көшін бастап, елімізді ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолына шығарады. Сондықтан осы дүниелер «АМАNАТ» партиясы жастар қанатының  философиясы мен іс-әрекетін айқындайды. Біз осы принциптерді басшылыққа ала отырып трансформация бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Жастар қанатына «Жастар Рухы»  деген жаңа атау бердік. Ол біздің ішкі өзгерістерге ерекше ден қойғанымыздың көрсеткіші болмақ. Елмен бірге біз де өзгерудеміз. Біз Қазақстандағы барлық жастарды «Жастар Рухы» құндылықтары төңірегінде бірігуге шақырамыз, - деді  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы