17 Қыркүйек 2026, 11:03 Фото: видеодан алынған кадр

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апаты: Зардап шеккен азамат 31 күннен кейін ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошанов ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді. 31 күн ем алған 36 жастағы азаматтың қазіргі жағдайы белгілі болды.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатынан зардап шеккен 36 жастағы Нұржігіт Қошанов 31 күн ем қабылдағаннан кейін ауруханадан шығарылды. Бұл туралы экс-депутат Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Базарбек ауруханадан шығару сәтінің видеосын Instagram Stories-ке жариялаған. Нұржігіт Қошанов Тараз қаласындағы көпбейінді ауруханада емделген.

Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасынан шығарды! Нұржігіт соңғы үш күнде ауруханадан тезірек шығуға асықты. Міне, 31-күні ол ауруханадан тірі әрі дені сау күйде шықты, – деп жазды Бақытжан Базарбек.