Базалық мөлшерлеме тағы да көтеріле ме? Ұлттық банк нақты шешімді жарияламақ

Қазақстанда базалық мөлшерлеменің қайтадан өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер қойған сұрақтарға жауап берген ол, қазіргі кезде ешқандай нақты шешім жоқ екенін айтты.

Базалық мөлшерлемені көтереміз бе, жоқ па – бұл факторларға байланысты. Біз шешімді тек қана экономикалық деректер мен тенденцияларға сүйене отырып қабылдаймыз. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет қараша айының ортасында отырыс өткізеді. Жаңартылған мәліметтерді қарап, тиісті талдау жүргізген соң шешім қабылдаймыз, – деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерген болатын. Бұл шешім инфляцияны тежеу және ақша-кредит нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған еді.

Ал кезекті жоспарлы шешім 28 қарашада жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы