Байзақ ауданындағы үйлер қазанда толығымен қалпына келтіріледі – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Үйлерді қалыпқа келтіру бойынша 5 жұмысшы тобы құрылды. Оның ішінде мамандар мен сарапшылар, ғылыми зерттеу институтының мамандары, жобалаушлар бар. Үйді жөндеу немесе қалпына келтірмес бұрын оны зерттеуіміз керек. Оның қандай зақымдары бар. Әсіресе, сейсмикалық жағдайға байланысты ертең қайтадан қалпына келіп қалмай ма деген мәселе де бар. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қазан айында барлық үй қалпына келтіріледі, - деді Сапарбаев.
Облыс әкімі күн суытқанға дейін үйлерді толығымен бітіріп, пайдалануға беру мақсаты тұрғанын айтты.
Әрбір үйдің сметасы бекітілген. Әрбір үйге қанша шығын келгені анықталды. Барлығы жазылған, 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 229 млн-ы мектепке, 30 млн теңгесі жолға, қалғаны үйлерді қалпына келтіруге кетеді. Сондықтан ешқандай құрылыс компаниясы қаржысыз қалмайды. Оларға толық төленеді, - деді Бердібек Сапарбаев.