«Байтақ» пен «Respublika» партиялары барлық өңірдегі мәслихат депуттары сайлауына қатыса алады

«Байтақ» пен «Respublika» партиялары барлық өңірдегі мәслихат депуттарын сайлауға қатыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

ОСК 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы», «Respublika партиясы» қоғамдық бірлестіктерін жіберудің кейбір мәселелерін қарады.

Сайлау науқаны аясында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңі 8 ақпанға дейін жүргізіледі.

«Байтақ» және «Respublika» саяси партиялары бірқатар өңірде өздерінің филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу рәсімдерін жүзеге асырғандықтан, өткен 2 отырыста біз осы қоғамдық бірлестіктерді партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауға жіберу мәселелерін қарастырған болатынбыз, - деп айтты Әбдіров.

Сөзінше, Орталық сайлау комиссиясына ұсынған Әділет министрлігінің ресми ақпараты бойынша бұл саяси партиялар осы кезең ішінде кейбір өңірлерде өздерінің өкілдіктерін ашты.

Осыған байланысты ОСК-ның тиісті шешімдерін қабылдауымыз қажет, - деп түсіндірді ОСК төрағасы.

Соңғы аптада партиялар бірқатар облыста, соның ішінде Абай, Жетісу, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында «Байтақ», Атырау облысында «Respublika» партиясының филиалдары мен өкілдіктерін ашты.

ОСК осы мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдап, бірауыздан қаулы қабылдады.

Яғни сайлауға қатысуға жіберу туралы бұдан бұрын қабылданған шешімдерді ескере отырып «Байтақ» пен «Respublika» партиялары республиканың барлық өңіріндегі партия тізімдері бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы