Байтанаев жабайы аңдарға жақындамауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Желмая» жобасында айтты.
Әлемді қазір дүрліктіріп отырған екінші дерт – маймыл шешек. Шетелге шыққанның өзінде маска тағып жүруге кеңес береміз. Жабайы аңдардың етін жемеуге, аң-құстарға жақындамауға кеңес береміз. Халық қиын кезеңде шетелге шығудан бас тартса, қалыпты өмірімізді сақтап қаламыз. Шетелге ағылып жатқан азамат көп. Оған біз ешқандай шектеу қоя алмаймыз. Сана сезімі мен сол жақта сақтанып жүруге шақырамыз. Біздің елге кірушілерге де ПТР-сынамасын сұрауды алып тастадық, - деді Байтанаев.
Ол атағандай, Алматы «сары» аймаққа өткеннен кейін адам көп шоғырланған жерлерде маска тағуға кеңес береміз.
Ешкімді маска тағуға мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Тек кеңес беріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азаматты өзінің денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Қазір ауру жас талғап жатқан жоқ. Ересектерге де, балаларға да жұғып жатыр. Бүгінгі таңда 3700 адам коронавиуспен ауырып жатыр. Оның ішінде 433 науқас стационарлық тұрғыда ем алып жатыр. 16 науқастың жағдайы ауыр. ӨЖЖ аппаратына ешкім жалғанбаған, - деді ол.