Елордадағы Байтұрсынов көшесі жөндеуге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кептеліске тап болмас үшін көлік жүргізушілері бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Көше-жол желілерін орташа жөндеуге байланысты Байтұрсынов көшесінің Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жүруде. Осыған орай 26 мамырдан 5 маусымға дейін жол жартылай жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспалауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы