«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды
Экспозиция театрдың өткенін бүгінгі күнмен байланыстыратын ерекше мәдени алаңға айналған.
Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жаңартылған интерактивті музейдің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Копбасарова бүгін - тарих пен тағылым тоғысқан күн екенін атап өтті.
Жаңа маусымның ашылуымен жаңа премьера болынып жатыр және бүгін біздің театрдың мұражайы қайта жаңғырып, өзінің жаңа әдемі келбетін сіздерге есігін айқара ашқысы келеді. Бүгін тарих пен тағылымның тоғысқан күні. Осындай керемет мүмкіндікті бізге ұсынған Freedom Шапағат холдингі мен Тимур Құлыбаев атындағы Halyk қайырымдылық қорына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді, - дейді Айнұр Копбаева.
Музей экспозициясы театрдың бай тарихы мен мәдени мұрасын заманауи форматта таныстыруға бағытталған.
Көрме залында қазақ өнерінің көрнекті өкілдеріне қатысты бірегей жәдігерлер қойылған.
Музей экспозициясында театр өнерінің көрнекті тұлғаларына арналған балауыз мүсіндер де қойылған.
Соның бірі – қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Жиенқұлованың балауыз мүсіні.
Келушілер театр сахнасында пайдаланылған тарихи костюмдермен танысуға мүмкіндік алды.
Экспозициядан әр кезеңнің сахналық киім үлгілерін көруге болады.
Музейде театр тарихын бейнелейтін сирек фотосуреттер де ұсынылған.
Көрмеде өнер майталмандарының жеке заттары ерекше қызығушылық тудырды. Бұл – қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың жеке айнасы.
Әр жәдігер қазақ операсы мен балетінің даму жолынан сыр шертеді. Бұл – балет өнерінің негізін қалаған Дәурен Әбіровтің балауыздан жасалған мүсіні.
Интерактивті шешімдер келушілерге тарихи материалдарды тереңірек зерттеуге жағдай жасайды. Сандық технологиялар музей кеңістігін заманауи әрі тартымды ете түскен.
Қонақтар театрдың қалыптасу кезеңдері туралы тың мәліметтер алды.
Экспозицияда әртістер мен сахна шеберлерінің шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылған. Соның бірі – қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі, композитор әрі пианист Евгений Брусиловскийдің жеке фортепианосы.
Көрме театрдың 90 жылдан астам тарихын бір алаңға тоғыстырған. Музей кеңістігі ұлттық мәдениеттің маңызды белестерін көрсетеді.
Келушілер тарихи құжаттар мен мұраға айналған материалдарды тамашалады.
Жаңартылған музей жас ұрпақты театр өнерімен жақынырақ таныстыруды мақсат етеді. Экспозиция театрдың өткенін бүгінгі күнмен байланыстыратын ерекше мәдени алаңға айналған.
Музейдің ашылуы театр маусымының маңызды оқиғаларының біріне айналды. Жаңартылған интерактивті музей енді театр қонақтары үшін тұрақты түрде қолжетімді болады.