Байқоңырға «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді

Жақында Байқоңыр ғарыш айлағына «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда, 2022 жылдың желтоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштар ұшырылмайды. Бұрын жоспарланған ұшырылымдар 2023 жылға шегерілді.

Бұған дейін 2022 жылдың соңына дейін Байқоңырдан ресейлік және шетелдік спутниктері бар «Союз - 2» зымыранының екі ұшырылымы мен «Протон-М» зымыранының бір ұшырылымы жоспарланған еді.

Қазіргі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағында 2023 жылға жоспарланған ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр. Ұшыру жоспарына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанында екі старт болады: ақпан айында ХҒС-қа «Прогресс МС - 22» көліктік жүк кемесі, ал наурызда «Союз МС-23» кемесі ұшырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы