Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды
2022 жылы 12 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Ол Анголаның "Ангосат-2" телекоммуникациялық жерсерігін суборбитальды траекторияға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта ДМ-03 үдеткіш блогы жерсерікті нысанаға алынған "Ангосат-2" геостационарлық орбитаға (биіктігі шамамен 36 мың км шеңбер орбитаға) шығыс бойлықпен 23 градус позициясында орналастыру үшін апара жатыр, – делінген "Роскосмос" баспасөз қызметі хабарламасында.
Құрылғы тек Анголаны ғана емес, бүкіл Африканы, тіпті Еуропаның оңтүстік елдерін де телекоммуникация қызметтерімен қамтуға қабілетті екендігі айтылады. Ол бір орындағы және жылжымалы байланысты, цифрлық телерадио хабарларын тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізу қызметтерін қамтамасыз етуге арналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстаулық шекарашылар төрт браконьерді құрықтады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы