Байқоңырдан Балқашқа дейін: Қазақстанның ғарыш серіктестігі қалай өзгерді?

Экономист Айбар Олжай Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан үшін маңызы мен елдегі ғарыш серіктестігіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеңес кезеңінен мұраға қалған Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан аумағында орналасқан және оны Ресей 2050 жылға дейін жалға алып пайдаланады. Байқоңыр кешені екі ел үшін де стратегиялық нысан: Ресей өзінің ғарыш бағдарламаларын осы жерден жүзеге асырады, ал Қазақстан тарапынан "Бәйтерек" бірлескен жобасы арқылы Байқоңыр инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестициялар салынады, - деп атап өтті экономист “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында.

Айтуынша, тағы бір жоба жуырда іске асырылады.

Белгілі болғандай, өткен аптада «Бәйтерек» жобасы аясында зымыранның компонеттер ұшу алаңына жеткізілді. Сол жерден ракета құралып, Бәйтерек жобасының алғашқы зымыраны ғарышқа ұшпақ. Бұл жобаның құны 1,5 млрд долларға жуық деп бағалануда және нәтижесінде Байқоңырдың коммерциялық тартымдылығы артады деп күтілуде, - деді сарапшы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы