Байқоңырда туризмді дамыту қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылатынын айтты. 

Біз еркін экономикалық аймақтың тұжырымдамасын әзірлеп қойдық. Соның басым бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Республикамыздың туристік картасына енген үздік ондықтың ішінде туристік – ойын-сауықтық зона бар. Өздеріңзге мәлім, Байқоңыр – жабық қала, онда туризм мүлдем дамымай қалған, - деді Қызылорда облысының әкімі тілшілерге арналған баспасөз мәжілісінде. 

Оның айтуынша, еркін экономикалық аймақтың басты талаптарының бірі – халықаралық туризмді құру. 

Онда барлық қолайлы жағдай қамтамасыз етіледі деп ойлаймын. Жаңадан нысандар тұрғызылып, халықаралық стандарттарға сай қонақүйлер, мұражайлар, павильондар мен ғарыштық зымырандардың ұшуына арналған смарттық алаңдар салынады, - деп айта кетті Қуанышбек Ысқақов. 

Бұдан басқа, Үкіметпен бірлесіп Байқоңыр қаласын және оған іргелес Төретам және Ақай елді мекендерін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту бойынша шаралар қарастырылуда.

Биылғы жылы Байқоңыр қаласындағы ел азаматтары үшін бес 50 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, тағы 5 көппәтерлі үйдің құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні Байқоңыр қаласында табиғи газды тұтыну тарифі Қызылорда облысы бойынша бірыңғай тарифпен теңестіріліп, 20,7 тг/м3 құрап отыр. Айта кету керек, "Байқоңыр" қаласында қазақстандық газға қосылғанға дейінгі тариф құны 850 тг/м3-ті құрайтын еді, - деп мәлімдеді аймақ басшысы.
Айта кетейік, аймақ басшысы Қызылорда Қытайға мақсары майы мен жүн экспорттайтынын, Қызылордада жол апатынан қаза тапқан оқушылардың отбасына қаржылай көмек берілетінін, сондай-ақ өңірінде апаттық жағдайдағы және үшауысымдық мектептер мәселесі шешілгенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы