Байқоңырда 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр қаласында қазақстандық азаматтар үшін 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Олардың жалпы ауданы - 15 372,6 шаршы метр.
Айта кетсек, Байқоңырда 2019 жылы аталған бағдарлама аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қаралуда. Бұл онда орын жетіспеушілігін болдырмауға жол ашады.
Облыс басшылығы тарапынан оған ынталы кәсіпкерлерді қолдау мәселесі қарастырылуда. Алдағы уақытта Байқоңыр қаласындағы жылу-электр станциясы газға қосылады. Бұған байланысты қала әкімшілігі қажеттілікті ескере отырып тиісті шараларды қабылдады. Қазір Байқоңырда 75 мыңнан астам адам тұрады. Оның 66 проценттен астамы - қазақстандықтар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодардың үздік кітапханалары анықталды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы