«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» атты шығармашылық байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауға 7-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Отандастар қоры» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен шетелдегі этникалық қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ елге оралған қандастардың мектеп жасындағы ұл-қыздары арасында «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауын жариялады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер өзі туралы мәліметтерді алдын ала g_moonlight@mail.ru электрондық поштасына жіберу арқылы тіркеледі:
- Тегі, Аты, Әкесінің аты;
- Қатысушының жасы;
- Ел, қала;
- Мекеменің атауы;
- Байланыс деректері (телефон нөмірі мен электрондық поштасы).
Жұмыстар жас ерекшелігіне қарай екі топ бойынша бағаланады:
I топ - 7-12 жас аралығы;
II топ - 13-18 жас аралығы.
Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- Шығарманың тақырыбы мен мазмұн-маңызын ашу;
- Қазақстанның өсіп-өркендеп, көркейе түскен кескін-келбетін суреттеу;
- Қазақстан тарихы;
- Қазақстанның салт-дәстүрі;
- Мен Қазақстанның болашағын қалай көремін;
- Ұлттық ертегілері.
- көркем жұмыстар I топ бойынша (7-12 жас аралығы) А3 қағаз форматында орындалады;
- көркем жұмыстар II топ бойынша (13-18 жас аралығы) А2 қағаз форматында орындалады;
- аралас техника қолдану;
- авторлығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (толық аты-жөні, жасы, елі мен қаласы);
- байқауға шығармалар қабылдаудың межелі мерзімі: 12 қазан - 12 желтоқсан аралығы;
- шығармашылық жұмыстар аталған мерзім аралығында g_moonlight@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды;
- жеңімпаз бен жүлдегерлер 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде жария етіледі.
Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 2 топтан ең үздік деп танылған 3-3 шығармашылық жұмыстың 6 авторы байқау жүлдегері атанады. Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылардың үздік жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған. Байқауда бағы жанған өресі биік өрендерге Назарбаев зияткерлік мектебі лагеріне маусымдық тегін жолдама беріледі және серіктестерден сыйлықтар алады, - делінген хабарламада.