Байқоңырлық бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы тағайындаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын асыра пайдаланған. Ол осы медициналық мекемеге тиесілі 2 млн 500 мың теңгеден астам қаражатты өзіне сыйақы ретінде тағайындап, ақша жымқырғаны анықталды, – деп хабарлады «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы. 
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» МКК келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу барысы прокуратураның бақылауына алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы