Байқоңырда жоғалған екінші баланы іздеу жұмыстары қайта басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Байқоңырда жоғалған екі баланың бірін іздеу кеше тоқтатылғанын және бүгін қайта басталатынын мәлім етті.
Іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ертең таңертең құтқарушыларымыз су және кинологиялық есеп бойынша іздеу жұмыстарын жалғастырады. Екінші бала әлі табылған жоқ, - деп хабарлады кеше ведомстводағылар.Еске салайық, 20 ақпанда Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жеті жастағы екі бала жоғалып кетті. Ресейдің тергеу комитеті екі баланың жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кеше екі баланың біреуі өлі күйінде табылды. Балаларды ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздестіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: тағы 642 адам індетінен емделіп шықты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы