Байқоңыр мектептері оқушыларға ресейлік бағдарламамен білім беріп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Оның айтуынша, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр.
Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой, - дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы