Байқаушылардың жұмысына кедергі келтірілуде

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінен бақылаушылар штабының басшысы Серікжан Байғұттинов кейбір учаскеде үшінші  тарап байқаушылардан құжат сұрап, жұмысына келтіргенін мәлімдеді.

Сайлауға байқаушылардың жедел тобы ретінде келген кейбір адамдар агрессивті әрекет етуде. Олар біздің байқаушылардан құжат талап етуде. Осы тұрғыда біздің байқаушыларға ондай алауыздыққа бой алдымауға шақырамын. Байқаушылар қандайда бір үшінші тарапқа құжат көрсетуге міндетті емес. Жалпы учаскелерде заңбұзушылықтар тіркелген жоқ,-дейді штаб басшысы. 

Айта кетсек, Алматы қаласы бойынша 581 сайлау учаскесі бар, онда 4 мыңнан астам байқаушы бақылау жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы