Байханов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысын, сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуын тексерді.

Ауданда 306,5 мың га егіс алқабы игерілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8 мың га артық. 151 мың га алқаптағы бидайдан басқа мұнда арпа, сұлы, қарақұмық, бұршақ және жүгері егіледі. Майлы дақылдардан күнбағыс, зығыр, қыша, мақсары себіледі.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Agriculture» ШҚ-ның егістікті суару бойынша инвестициялық жобасымен танысты. Фермерлермен 98,2 млн теңгеге екі Zimmatic жаңбырлатып суару қондырғысы сатып алынды, су құбыры салынып, алқаптар суарылуда.

Одан кейін өңір басшысы 15,7 мың га алқапқа бидай, сұлы, күнбағыс егіп жатқан «Ивановское» ЖШС барды. Шаруашылықтың бастамашыл басшыларымен заманауи агротехнологиялар қолданылуда. Жыл сайын көлік-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, өз қаражаты есебінен және лизинг арқылы сатып алынады.

Сол жерде облыс әкімі шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. Аграршылар саладағы ағымдағы жағдаймен және болашақ жоспарларымен бөлісті. Асайын Байханов маржасы басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру қажеттігін атап өтті.

Өткен жылғы маусым ешкімге де оңай болған жоқ, алайда, алған беттеріңізден қайтпай табанды еңбек еттіңіздер. Сіздер технологияға, техникаға, жақсы тұқымдарға, тыңайтқыштарға қаржы салудасыздар. Біздің міндетіміз - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына ұйымдық, қаржылық, инвестициялық және жеңілдетілген несиелермен қолдау көрсету, - деді облыс әкімі.

«Кең Дала» бағдарламасы бойынша 27 шаруашылық егіс жұмыстарына 445,3 млн теңге несие алды, «Агро Бизнес» бағдарламасы бойынша 155,8 млн теңгеге 6 шаруашылық қаржыландырылды. 450 млн теңгеден астам қаржыға шаруалар 20 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Калиновка ауылында өңір басшысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуын тексерді. Мұнда мәдениет үйіне, мектепке, ауылдық медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ, 5,5 км ауыл ішіндегі жолдар жаңартылады, жарықтандыру жүргізіледі, спорт және ойын алаңдары орнатылатын болады.

Облыстық бюджеттен бөлінген бонустық трансферт шеңберінде 7 ауылдың 13 км жуық ішкі жолдары жөнделеді, аудан орталығында спорт алаңдары орнатылады, сондай-ақ, Октябрьск ауылы жарықтандырылады.

Асайын Байханов аудан әкіміне жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді және олардың орындалу мерзімдерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облысы әкімдігі/ Валерий Бугаев
Өзгелердің жаңалығы