Байден Зеленскиймен бетпе-бет сөйлесті
АҚШ президенті мен Украина басшысы Михайловская алаңында кездесті, деп жазады BAQ.KZ.
Джо Байденнің Украинаға сапары нағыз тосын оқиға болды. Киевте таңертеңнен бастап орталыққа тосқауыл қойылған.
⠀
Бұл - 24 ақпанда қақтығыс басталғаннан бері Байденнің Киевке бірінші сапары.
⠀
Америка президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барған. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, Байден Польшаға сапары барысында ресейліктер мен президент Владимир Путинге жеке үндеу жолдамақ.
Украина және Америка делегацияларының мүшелерін таныстырғаннан кейін Украина мен АҚШ президенттері бетпе-бет сөйлесті. Владимир Зеленский Джозеф Байденнің сапары Украинаны қолдаудың аса маңызды белгісі екенін атап өтті, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде такси қызметі бір жылда 12%-ға қымбаттады
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы