Байден отбасы КВИ-ге қарсы вакцинаның үшінші дозасын алмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден мен елдің бірінші ханымы Джилл Байден қыркүйектің соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны үшінші мәрте алмақ.
Бұл туралы америкалық көшбасшы ABC News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Біз күшейтілген дозасын аламыз, - деді Ақ үй басшысы.
Бұл ретте Байден әйелімен бірге КВИ-ге қарсы вакцинаны былтыр желтоқсан айында алғанын, содан бері біршама уақыт өткенін айтты.
Телеарнаның мәліметінше, АҚШ билігі 20 қыркүйектен бастап вирустан қорғанысты күшейту мақсатында алғашқылардың бірі болып екпе алған америкалықтарға вакцинаның үшінші дозасын ұсынбақ.
Еске салсақ, Байден коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны 22 желтоқсанда, екінші компонентін 11 қаңтарда алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы