Байден мен Путиннің кездесетін күні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саммит өткізу туралы ұсынысты Байден сәуірде Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. АҚШ пен Ресей президенттері Джо Байден мен Владимир Путин 16 маусымда Женева қаласында жүздеседі. 

Президент Байден мемлекет басшысы қызметіне кіріскелі бері алғаш рет Путинмен кездесуі болмақ, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ірі ядролық державалар басшыларының кездесуі туралы мәліметті Вашингтон мен Мәскеу бір уақытта жариялады.

Байден мен Путин Ресей-АҚШ қарым-қатынасын, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, коронавирус пандемиясымен күрес, аймақтардағы жанжалдарды реттеу жолдарын талқыға салады.

Дүйсенбі күні АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Николай Патрушев өзара кеңескені мәлім болды. Олардың бірлескен мәлімдемесінде тараптар өзара қарым-қатынастың жақсаруына мүдделі екенін білдірген.

Саммит өткізу туралы ұсынысты Байден сәуірде Путинмен телефонмен сөйлескен кезде айтқан. Сол кезде екі ел арасында дипломатиялық жанжал ушығып тұрған. АҚШ президенті Путинді кісі өлтіруші деп есептейтіні туралы сұхбаты жарияланғанда Ресей елшісі Вашингтоннан кетіп қалған еді. Одан соң америкалық елші Ресей билігінің қысымымен Мәскеуден кетуге мәжбүр болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы