Байден ауған босқындарына көмектесу үшін 500 млн доллар бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан келген босқындарға көмек ретінде 500 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметінше, Байден қол қойған меморандумға сәйкес 500 миллион доллардан аспайтын қаражат босқындарға, қақтығыстан зардап шеккендерге және басқа қауіптің арасында жүрген адамдар мен шығын орнын жабу үшін пайдаға берілген.

Айта кетейік, Пентагон өкілдері АҚШ-тағы үш әскери базасында (Вирджиния, Техас және Висконсин штаттарында) ауғандық эвакуацияланған 22 мың азаматты қабылдауға дайын екенін хабарлаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы