Байден Америка Құрама Штаттарының халқына үндеу жасады

25 шілдеде Джо Байден америкалықтарға үндеу жасап, эстафетаны «жаңа ұрпаққа» беру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ Президентінің X парақшасындағы хабарламаларынан белгілі болғаны: оның сайлау додасынан бас тартуы «жас дауыстар» үшін уақыттың басталуымен байланысты;

қалған жарты жылда ол елдің экономикалық мәселелері мен құқықтарын қорғауға назар аударады;

Газа секторындағы атысты тоқтатуға, Украинаға қолдау көрсетуге және НАТО-ны нығайтуға ықпал ету үшін Ақ үймен жұмысты жалғастырады.

Менің президент ретіндегі жетістіктерім, әлемдегі көшбасшылығым, Американың болашағына деген көзқарасым екінші мерзімге лайық деп есептеймін. Бірақ біздің демократияны сақтап қалуға ештеңе кедергі бола алмайды. Бұған жеке амбиция да кіреді, - деді Джо Байден.

Джо Байден Харристі қолдайтынын қайталап, өз таңдауын жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы