Баян-Өлгийдегі танымал ғалымның кітабы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баян-Өлгий аймағында тұратын танымал ғалым, этнограф, тарих ғылымдарының докторы Өмірбек Биқұмарұлының жаңа кітабы таныстырылды.

Ақтан Бабиұлы атындағы аймақтық орталық кітапханада жас ғалым Өмірбек Биқұмарұлының "Баян-Өлгий аймағындағы археологиялық ескерткіштер" атты кітабы жарық көрді.

Автордың көп жылғы ізденісінің нəтижесінде өмірге келген бұл еңбек аса құнды. Тарих ғылымының докторы (Ph.D) Өмірбек Биқұмарұлы ғылым докторы (Sc.D) этнограф Биқұмар Камалашұлының із жалғаушы ұлы.

Кітаптың тұсаукесеріне жергілікті билік өкілдері, Баян-Өлгийдегі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Моңғол тілінде жарық көрген кітапқа археологиялық жәдігерлермен қатар 61 тастағы сурет, 153 бұғытас, 216 балбал, 57 таңба, иероглифтер, ескі қорған суреттері енгізілген. Кітапқа Баян-Өлгий аймағының 12 ауданынан табылған жәдігерлер түгелдей қамтылған деуге болады.

Бұл еңбегімді аймағымыз орнауының 80 жылдық мерекесіне орай құрастырдым. Еліміз бойынша біздің аймақ өлкесіндегі тарихи жәдігерлерді жинақтаған кітап бұрын-соңды жарық көрмепті. Сол тұрғыдан бұл кітапты алғашқы жинақ деуге әбден негіз бар. Бұл туынды негізінен Моңғол Алтай жотасын мекендеген ежелгі бабаларымыздың артында қалған мол мұрасын түгендеуге үлкен үлес қосады деп ойлаймын - дейді кітап авторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы