Баянауылға апаратын проблемалық жол күрделі жөндеуден өтеді

Жолшылар тартымды туристік бағыттарға апаратын республикалық маңыздағы тасжолдардың проблемалық учаскелерін жөндейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында биылғы жол құрылысы маусымы аясында Баянауыл мен Қарқаралыға апаратын республикалық маңызы бар күре жолдардың проблемалық учаскелері жөндеуден өтеді. 

Жолшылар "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" күре жолының Матақ ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын жол бөлігін жөндейді. 

Мамандар жөндеу жұмыстары барысында жол төсемін жаңартып, үш жаңа су өткізгіш құбыр орнатады. Сонымен қатар он автопавильон орнатып, күре жолдың 210 шақырымында орналасқан қолданыстағы демалыс алаңына жаңа асфальт төсейді.

Қазір мердігер ұйымдар құрылысқа қажет арнайы техниканы жұмылдырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының Үміткер ауылынан Ботақара ауылына дейінгі жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын жол бөлігі жөнделмек. Жолшылар жол төсемін жаңартып, екі жаңа су өткізгіш құбыр орнатады, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Қыс бойы жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесінде құрылысқа қажет инертті материалдар 100% жасақталды. Жоғарыда аталған жол бөліктерін жөндеуге 150 бірлік арнайы техника мен 210 маманды жұмылдыру көзделді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы