Баянауылдық жастар Сабындыкөлдің жағасынан тәулігіне 20-30 қап қоқыс шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-31 шілде аралығында жасылелдіктер Баянауыл ауданында Сабындыкөл көлінің жағасын тазартады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

«Жасыл ел» жасағының құрамында 20 сарбаз тазалық шараларына жұмылдырылады. - Оның ішінде биыл алғаш рет сегіз адам Майқайың кентіне бөлінген. Олар жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс учаскелерінде көмектеседі», - дейді жастар ісі жөніндегі инспектор Мереке Тілеубаев.

Жастардың еңбекақысы – 31700 теңге. Аптасына бес күн және тәулігіне 6-8 сағат жұмыс істейді. Дүйсенбі, жұма күндері Сабындыкөлдің жағасы және қалған күндері әкімдіктің тапсырмасы бойынша таулар мен ормандарды тазартады.

«Жағаға бір рет шыққанда 20-30 қап қоқыс шығарамыз. Көбінесе шөлмектер мен қағаздар, тағамдардың қалдықтары болады. Ол жерлерге экологияны ластамау және айналаны қоршаған ортаны күтіп қарау туралы ескерту белгілері қойылған. Сондай-ақ, бейнероликтер түсіріп, түрлі челлендждер ұйымдастырамыз. Дегенмен, демалушылардың арасында әлі күнге дейін дұрыс мәдениет қалыптаспаған. Көпшілігі өздері отырған аумақты дұрыс жинастырып кетпейді», - дейді инспектор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы