20 Қыркүйек 2026, 20:14
Фото: istockphoto.com
Баянауылдан Павлодарға науқасты ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1955 жылы туған науқас Баянауылдан Павлодарға шұғыл жеткізілді.
Ер адамға жедел медициналық көмек көрсету үшін Павлодарға жеткізілген. Алайда қандай медициналық көмек қажет болғаны нақтыланбады.
Ведомствоның хабарлауынша, ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін орындауға тәулік бойы дайын.