Баянауылдағы мектепте домбыра алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданындағы №2 мектепте домбыра алаңы ашылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажеттігін, ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды екенін атап өткен болатын. Осыған орай, мектебімізде қазақтың ұлттық аспаптарын меңгерту, балалардың бойында халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында мәжіліс залында домбыра алаңы ашылды",  - деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Тілеубаева.

Ашылу рәсімінде домбыра үйірмесінің жетекшісі өз шәкірттерімен бірге күй ойнап, өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, аталған мектептің түлегі "Домбыра сыйла" акциясына қатысып, білім мекемесіне 10 домбыраны сыйға тартқан. Сондай-ақ стендтердің жасалуына мектеп түлегі, "Оксфорд" университетінің құрметті ғылыми қызметкері қаржылай көмек көрсеткен. Жалпы, домбыра алаңын ашуға 220 000 теңге қаржы жұмсалған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы